Үйірмелер

«Jas órken» студенттік театр үйірмесі

«Jas órken» студенттік театр үйірмесінің мақсаты әртістік өнердің қыр-сырын зерттеп, сахнаға театрлық қойылымдарды қою ғана емес студенттердің көркемдік және халықтық шығармашылығын жан-жақты дамуын қадағалау жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін қалыптастыру актерлік шеберлігін қалыптастыру болып табылады.

Үйірме сабақтарын драма театр және кино артисі, «Өнертану» ғылымдарының магистрі Оңғарбаева Жадыра Нұрғайынқызы жүргізеді.

«Жас өркен» студенттік театрында өнерлі студенттер актерлік қырларымен танылып, барша көрермендерге әр түрлі тақырыпта сахналық көрініс қойып, өнерсүйер қауымға кеңінен таныс болды.

«Jas óren» ұлт — аспаптар ансамблі үйірмесі

«Jas óren» ұлт — аспаптар ансамблі үйірмесінің басты мақсаты: студенттердің өнерге деген қызығушылықтарын арттыру, өнерпаз студенттің шығармашылықпен жұмыс істеуіне ықпал ету, жастарға домбыра аспабын үйрету арқылы ұлттық үрдістерімізді бойына сіңіру жастарды рухани тәрбиелеу.

Үйіме жетекшісі Жолдас Нұржан Ордаұлы- Республикалық, облыстық конкурстардың лауреаты, күйші, тәжірбиелі ұстаз.

«Mańǵystaý» студенттік вокал үйірмесі

Студентке үйірмеден тәлім алу барысында сахнада ән орындау мәдениетін, техникасын, тәртібін білуге үйрету, оларға қазақтың дәстүрлі музыка өнері арқылы адамгершілік-рухани және эстетикалық тәрбие беру.

«Маңғыстау» студенттік вокал үйірмесінің кәсіби деңгейі жылдан-жылға артып келеді. Үйірме әншілері облыстық, қалалық барлық іс-шараларына, қалалық концерт бағдарламаларына белсене қатысады. Үйірме әншілерінің есімдері облысқа да, республикаға да танымал бола бастады.

Вокал үйірмесінің жетекшісі Макина Гүлнара Иманбаевна — ҚР мәдениет саласының үздігі, ҚР мәдениет майталманы, тәжірбиелі ұстаз әрі әнші.

«Ýnıver» вокалды-аспаптар ансамблі

«Ýnıver» вокалды-аспаптар ансамблі мақсаты үйірмесі студенттерімен өткізілетін мәдени — бос уақыттық қызметінің жаңа әдістерін енгізу, ұйымдастыру ғана емес cтуденттердің көркемдік және халықтық шығармашылығын жан-жақты дамуын қадағалау, үйірмеде әншілер тобын құру, олардың кәсіби орындауында қолдау жасау арқылы вокалды-аспапты өнерді дамыту болып табылады.

«Универ» вокалды-аспаптар ансамблі үйірмесінің жетекшісі Джанмағанбетов Қарлыбек Багдабаевич — республикалық, облыстық конкурстардың жүлдегері, тәжірбиелі ұстаз, сазгер.

«Jas dızaıner» үйірмесі

«Jas dızaıner» үйірмесінің мақсаты-студент қыздардың тігіншілік қабілетін дамытып, өз эскиздері бойынша киім тігуге үйрету. Сабақ барысында тігіннің қыр-сырлары, дизайн үлгілері үйретіліп, үйірме студенттерінің еңбектері дүйім жұртшылыққа көрсетіліп, жұмыстары насихатталады.

«Жас дизайнер» үйірме жетекшісі Сарсенбаева Алипжан Абдуллаевна-кәсіби тігінші, дизайнер, өз ісінің шебері.

«Arnay» би ансамбль үйірмесі

«Arnay» би ансамбль үйірмесінің мақсаты студенттердің бос уақыттарын тиімді пайдалануына, өз-өздерін еркін ұстауға дағдыландыру, университетте би ансамбльдерін құру және ұлттық билерді орындау арқылы хореграфия өнерін дамыту.

«Arnay» би үйірмесінің бишілері жұптық, жеке, топтық жұмыстарының нәтижесінде университетішілік мерекелерге, концерттерге, салтанатты жиындарға және қала, облыс, республика көлеміндегі байқауларға қатысып, өз шеберліктерін шыңдап, жүлделі орындардан көрінуде.

«Halyqtyq mýzyka» үйірмесі

«Halyqtyq mýzyka» үйірмесінің негізгі мақсаты студенттерге қазақ халқының ұлттық өнерін насихаттау, жыр терме үлгілерін үйрете отырып, көркемдің талғамды дамыту болып табылады.

«Halyqtyq mýzyka» үйірмесінің жетекшісі Кулымтанов Жаксыбай Айтореевич-республикалық, облыстық, қалалық конкурстарының жүлдегері, дәстүрлі әнші, тәжірибелі ұстаз.

Үйірмеге қатыса отырып, студенттер аспаптарды кәсіби ойнай отырып, жыр-термелерді нақышына сай орындауды үйренеді.

«Kórkem-sýret jáne beıneleý» үйірмесі

«Kórkem-sýret jáne beıneleý» үйірмесі талантты студенттердің сурет салу қабілетін шыңдауға, бейнелеу өнерінің қыр-сырын үйрету мақсатына бағытталған.

«Kórkem-sýret jáne beıneleý» үйірмесінің жетекшісі — Қалдыбаев Сағынбай Пірназарұлы — республикалық, облыстық конкурстардың жүлдегері, тәжірбиелі қыл қалам шебері.

Үйірмеге қатыса отырып студенттер, сурет салу машығын дамыта отырып, әлемнің суретшілер еңбектерін талдап, аталмыш саланы толық меңгеретін болады.